Қоғам • 20 Сәуір, 2020

Наурыз айында көлік сатып алушылар саны азайған

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2020 жылдың наурыз айында елімізде 73 131 көлік тіркелді. Бұл көрсеткіш ақпан айына қарағанда 31,6% - ға аз.

Наурыз айында көлік сатып алушылар саны азайған

Көрсеткіштің төмен болуына елдегі енгізілген карантин режімі әсер етіп отыр. Бірақ соған қарамастан автокөліктерді қайталама нарықта онлайн түрде рәсімдеуге болады. Десе де, ай соңында бұл әдіспен көлік сатып алушылар ағыны тым аз болып шықты. Тіркелген көліктердің 42% - дан астамы бұрынғысынша қолданыста жүргендеріне 20 жыл болған. Бұндай 118 518 бірлік автомобиль бар. Қолданыста жүргеніне 10 жылдан 20 жыл аралығында болған 67 488 бірлік көлік бар. Ал 2011-2016 жылдары шығарылған автомобильдердің саны 62 789 бірлік.

Алматы облысы өңірлер бойынша тіркеу саны бойынша көш бастап келеді, қаңтар-наурыз айларында мұнда 42 256 авто тіркелген.