Қоғам • 20 Сәуір, 2020

Jas Otan еріктілері тағы 10 000 отбасыны азық-түлікпен қамтиды

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

Jas Otan еріктілері тағы 10 000 отбасыны азық-түлікпен қамтиды

-  «Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Біз біргеміз» акциясының екінші кезеңін бастаймыз. Осы акция аясында 10 000-нан астам әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдермен және бетперделермен қамтамасыз етеміз. Аталған акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Әр қорапта 30 кг астам азық-түлік бар. Оған бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері, жарма, макарон өнімдері, күнбағыс майы  және шәй секілді тауарлар кіреді. Сондай-ақ азық-түлікпен қоса, отбасыларға  бетперделер жеткізіледі. Әр отбасыға 50 дана.

Сонымен қатар Елнұр Бейсенбаев өткен аптада «Birgemiz» қоры сатып алған 5 млн қорғаныс бетпердені, еліміздің  3 ірі қалаларының тұрғындарына таратылып жатқанын айтты. Бүгінгі күнге дейін 2 млн-нан астам маска 40 000 отбасыға таратылды.

Жалпы алғанда бұл іске еліміз бойынша 3000-нан астам ерікті қатысуда. Осы жағдайды пайдалана отырып, біз өз денсаулығын қатерге тігіп, қызмет етіп жатқан, барлық волонтерларға ерекше алғыс білдіреміз, деп атап өтті «Jas Otan» жетекшісі.

8

19 наурыздан бастап Jas Otan-ның 3000-нан астам еріктілері  56 мыңнан астам отбасын бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етуге көмек көрсетті. Күн сайын Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында еріктілер 1200-ден астам жалғызбасты зейнеткерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.

Тұңғыш Президент - Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Birgemiz» қоры бүгінгі таңда 152 000 аз қамтылған отбасыларға 50 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

Қор сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 2000-нан астам дәрігерлеріне 50 000 теңге көлемінде ақшалай қолдау көрсетті.

9

9

9

9