Алайда облыстық және қалалық криминалдық полиция басқармасында кәсіби ізшілдер бар екендігін көрсетті. Олар кәсіпкердің барлық таныстарын, араласатын адамдарын қағып келіп, екі адамға күдіктенеді. Олардың бірі 1969 жылы Петропавл қаласының және екіншісі 1978 жылы туған Қызылжар ауданының тумалары еді. Екеуі де бұрын бұзақылық, ұрлық қылғандары үшін сотталған. Ақыры күмән шындыққа айналып, екеуінің үйлерін тінткенде айғақ заттар табылған. Ұрланған ақшаның да біраз бөлігі шыққан.
«Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және қылмыстық іс бойынша қосымша айғақтар жиналып жатыр», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров. «Айта кету керек, пәтер ұрлығының алдын алу үшін тұрғындарға күзет агенттіктерімен келісім жасап, дабылдар орнатып, кіреберістерді бейне бақылау камераларымен жабдықтау ұсынылады. Сонымен қатар, ең сенімді деген құрылғыларға басымдылық жасай отырып, пәтерлердің құлыптарын мұқият таңдау керек».
Жыл басынан бері СҚО-да барлығы 240 пәтер ұрлығы тіркелді. Оның ішінде бүгінге дейін 204-і ашылған. Шағын қалада ұрлық та көп, ашылуы да аз емес.
ПЕТРОПАВЛ