Жалпы көлемі 22 гектар екі бөлек аумақта құрғақ шөптің жануы анықталған.
Ал, өртену аумағын анықтап, арнайы техника өтетін жолдарды анықтау үшін квадрокоптер көмекке келді.
Департамент бөлімшелері өрт сөндірушілерінің жедел іс-қимылдарының барысында өзен маңайындағы ауылдар мен орман алқаптарына қауіп төнген жоқ.
Өткен түні облыс орталығына қарасты Павлодар ауылының маңында Ертіс өзенінің жайылмасында құрғақ шөптің жанғаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына дереу департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндірушілері жетті.
Өрт Ертіс өзенінің арнасындағы аралда тұтанғандықтан арнайы техниканың оқиға орнына өтуіне мүмкіндік болмады.
Өрт сөндірушілер орман қорғау қызметкерлерімен бірге аралға қайық арқылы өтіп, өртті сөндірді.
Екінші өрт оқиғасы облыс орталығындағы Усолка өзені арнасындағы «Оңтүстік Су» жинау аумағында орын алған. Жайылмадағы құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама ТЖД пультіне 13 сағат 26 минутта келіп түскен.
Өртті сөндіруге департамент бөлімшелері, Орман және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының күштері мен құралдары жіберілді.
-Өрт орнына жететін жолдардың аз болуы сөндіру жұмыстарына кедергі болды,-дейді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишанов.-Өйткені, Ертіс өзеніне құятын салалар көп. Квадрокоптердің көмегіне жүгіндік. Тіпті, өрт сөндірушілеруге Усолка арқылы өтетін автомобиль көпірін жауып тұрған бетон блоктарды жылжытуға тура келген. Өткен тәулікте облыс аумағында 12 өрт, 29 өртену оқиғасы орын алды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде өрттің негізгі себебі тұрғындардың отты абайсыз пайдалануынан екендігін атап өтті.
Павлодар облысы