«Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп берсеңіз де ауыз аштырғанның сауабын аласыз. Тіпті, көмекке мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін шығынды беріп, қаржылай қолдау көрсетсеңіз де мол сауапқа кенелесіз. Мұсылманның ниеті амалынан қайырлы», деген Бас мүфти қазақстандықтарды көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Қадыр түні мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түніне тұспа-тұс келетінін хабарлаған едік.