Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Атырау: Тұрақтандыру қорына 1000 тонна ұн жеткізілді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау» ӘКК» АҚ-ның департамент директоры Дмитрий Дюдың мәліметіне сүйенсек, астықты аймақтардан 1000 тонна ұн жеткізілген. Енді  тағы 60 тонна ұнды алдағы аптада әкелу көзделіп отыр.

Атырау: Тұрақтандыру қорына 1000 тонна ұн жеткізілді

– Ұн Атырау қаласындағы 8 наубайхананың сұранысымен бөлінеді. Қазір наубайханаларда пісірілген   әлеуметтік нан  79 теңгеден сатылып жатыр. Бұдан өзге қант, күріш, күнбағыс майы секілді күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар да жеткізіліп жатыр. Темір жолшылар алыс аймақтардан азық-түліктерді жеткізіп беруге қол ұшын созды, -деді ол.

Атырау магистралды желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаровтың айтуынша, азық-түліктер тегін тасымалдануда. Соның ішінде, вагондарды тұйыққа апару, жүкті түсіргенге дейінгі тұру уақытының шығыны магистралды желі бөлімшесінің есебінен өтеледі.

 

Жолдасбек Көшербайұлы