– Төтенше жағдай кезінде Президент пәрменімен туындаған мәселелерді шешу жөнінде уақтылы шаралар қабылданып жатыр. Ауыл тұрғындарын толғандыратын аса өзекті мәселенің бірі – көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру. АӨК субъектілерін несиелендіру «ҚазАгро» ҰБХ-ның «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді және кредиттік серіктестіктерді қорландыру арқылы жүргізіледі. Шамамен, 170 млрд теңге бөлінгеніне қарамастан, бұл қаражат толық көлемде игерілмеуде және соңғы қарыз алушыларға, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің кепілдіктерінің болмауы немесе жетіспеуі себебінен жетпей жатыр, – деді депутат.
Берік Оспановтың айтуынша, қаржыландыру проблемасын шешу жолдарының бірі – өнімді форвардтық сатып алуды қолдану болуы мүмкін. Осы ретте ол өңірлік Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мүмкіндіктерін пайдалануды қарастыруды ұсынды. Біріншіден, ӘКК әкімдіктердің қаржы институты ретінде қарыз алушы туралы толық ақпараттары бар. Екіншіден, сатып алынатын өнім ең алдымен жергілікті халықтың қажеттілігі үшін қажет. Бұл тетік тұрақтандыру қорларын толықтыруға және өнімдерді делдалсыз сату мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ мәжілісмен жарма, дәнді, майлы дақылдар, картоп және көкөніс сияқты бірнеше бағыт бойынша өнімдер сатып алуды ұсынып, ӘКК-ні «ҚазАгро» АҚ арқылы да немесе республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттердің бір бөлігін жергілікті бюджетке қайта бөлу жолымен де қаржыландыруға болатынын алға тартты.