Бұйрық Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден цементтің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 2523100000 Цемент клинкері, портландцемент, 2523290000 Өзге де портландцемент, 2523300000 Глиноземді цемент, 2523900000 Өзге де гидравликалық цемент) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салады.
Бұйрық «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес және отандық цемент кәсіпорындарында жүктеуді ұлғайту үшін қабылданды.