Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Теміртаудағы өрттің шығу себебі түсіндірілді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ДК хабарламасына сəйкес, 21 сəуірде сағат 18:25 шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-БАС-та түтінтартқы бөлімінің шатыры өртенгенін хабарлады. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің сайтында жарияланды.

Теміртаудағы өрттің шығу себебі түсіндірілді

Өрттің шығу себебі, ЖЭО-БАС стансасының шатырындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары кезінде орын алуы мүмкін. Өрт сағат 18:45-те ауыздықталды. «Техника, адам зардап шекпегені анықталды. Өрт сөндіруді жеңілдету үшін 7 қазандық тоқтатылды.

Қазіргі мезетте станса қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Бұдан басқа «Қазгидромет» РМК мəліметінше, өртенген жерге жақын маңда орналасқан 2 нөмірлі күзету бекетінің (Фурманов көшесі, 5) деректері бойынша өрт шыққан сəттен бастап сағат 18:45-те H2S-3,0 мкг/м3, РМ-2,5 - 195мкг/м3 жəне SO2- 233 мкг/м3, PM-196 мкг/м3-ке концентрациясы жоғарылағаны байқалды.
Өрт шыққан жерге Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау мамандары жеткізіліп, санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы атмосфералық ауа сынамасы алынды.
Оның нəтижесі туралы қосымша хабарлайтын боламыз» делінген ведомство таратқан ақпаратта.