ра еместігі де бізді қуантады. Қазір мамандар индекстелген зейнетақының жағдай түзелген соң тоқтап қалмай жалғаса беретінін, бұл елді қымбатшылық шырмауына ұрындырмай алып шығудың жолы екенін түсіндіруде.
Азаматтардың төлем қабілетін сақтап, табысын арттыру мақсатында жасалып жатқан осы бастама аясында республикалық бюджеттен 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Қазіргі қиын жағдайға мемлекеттің мұндай қолдау көрсетуі бізді қанаттандырады, алдағы күнге деген сенімді бекіте түседі.
Күлән АЙЫМБЕТОВА,
зейнеткер
Қызылорда облысы