Осылайша, облыстың барлық инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарларының қажеттілігі толығымен қамтамасыз етіледі. Экспресс-тестілеуден алдымен КВИ-мен күресте алдыңғы шепте жүрген адамдар өтеді. Олар медицина қызметкерлері, құқық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов хабарлағандай, медициналық тауарлар мен арнайы құралдарды сатып алу және тасымалдау «Парыз» қоғамдық қоры есебінен қаржыландырылды. Тауарларды қысқа мерзім ішінде сатып алу қытайлық серіктес – Синьцзяндық «Сан Бао» сауда-өнеркәсіптік корпорациясы ЖШС арқасында мүмкін болды.
Айта кетейік, компания ШҚО тұрғындары үшін өз есебінен 10 млн теңгеден астам сомаға қосымша Alena-310 маркалы 2200 қорғаныш маскасын, сондай-ақ 200 мың дана қан алу үшін бір реттік инелер мен градуирленген пипеткаларды жіберді. «Сан Бао» корпорациясының басшылығы Қазақстан халқына зор денсаулық және тез арада пандемияны жеңуді тіледі.
«Елбасы үндеуіне сәйкес және ел Президентінің тапсырмасын орындау аясында біздің облыс қысқа мерзімде қытайлық әріптестермен ынтымақтастықта қажетті медициналық құралдар мен тауарлар сатып алды. Бұл біздің жерлестеріміздің денсаулығы мен өмірін сақтау үшін алдыңғы қатарда жұмыс істеп жүрген медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын COVID-19-дан қорғау құралдарының қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Тауарларды тиеп жөнелтуге «Nur Otan» еріктілері де белсенді түрде қатысты. Облыстың қалалары мен аудандарына әрі қарай бөлу үшін медициналық бұйымдар Жұмылдыру дайындығы басқармасының қоймасына жеткізіледі.
Медицина бұйымдары тиелген 14 тонна жүк Қытайдан Өскемен әуежайына жеткізілді. Атап айтқанда, 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмдері, 80 мың респиратор, 10 мың данадан COVID-19-ға қарсы медициналық қорғаныс маскалары, экрандары мен көзілдіріктері.
Елімізде ішімдікке тәуелді 100-ден астам бала есепте тұр
Қоғам • Бүгін, 16:15
Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады
Ауа райы • Бүгін, 16:05
Индонезияда су тасқынынан 13 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:55
Мектеп оқушысы құқықтық сауаттылықты арттыратын ойын жасап шығарды
Жемқорлық • Бүгін, 15:30
Мемлекет басшысы Светлана Жақыпованы қабылдады
Президент • Бүгін, 15:30
Кибер-алаяқтар Жетісу тұрғындарын 516 млн теңгеге алдаған
Қылмыс • Бүгін, 15:17