Ауырғандардың арасындағы 1994 және 1997 жылдары туған екі адам Қарағанды қаласының тұрғыны. Олар бұрын карантиндік госпитальға жатқызылған екен.
Сондай-ақ, 1989 және 1997 жылдары туған тағы екі ер адамның бірі үй карантинінде болса, екіншісі карантиндік госпитальда жатыпты.
Бесінші науқас – Теміртаудың 32 жастағы тұрғыны.
Бүгінгі күні Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 108 адамға жетіп отыр. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және 30 науқас ауруынан жазылып шықты.