Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

«Қазақфильм» қорындағы 223 ұлттық фильм отандық телеарналардан көрсетіледі

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Қазақфильм» қорындағы 223 ұлттық фильм отандық телеарналардан көрсетіледі

«Өндіріс үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болған фильмдерді жасаушылар ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының әлеуметтік желілерінде тікелей эфир циклын іске қосты. Күні бүгінге дейін жалпыға қолжетімді форматта тек республикалық ұйымдардың 160-қа жуық концерті мен қойылымы әлеуметтік желілілерге жүктелді. Алдағы уақытта да бұл жобалар өз жалғасын табады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша, «Қазақфильм» киностудиясы ресми Youtube арнасына «Алтын кино қор» жобасымен - 1938-2002 жылдарға дейін түсірілген 60-тан астам фильмдерін жүктеді. Бүгінгі күні осы Youtube арнасындағы көрермен саны 10 млн-нан асқан. 

«Әр демалыс күндері КТК телеарнасының «Домашний сеанс» киномарафоны  аясында өткен 15 жыл ішінде түсірілген үздік қазақстандық картиналар 24 мамырға дейін әзірленген. Бұдан басқа, министрліктің бастамасымен «Қазақфильм» АҚ қорындағы 223 ұлттық фильм Хабар, Qazaqstan, Еларна, Kazakh TV, КТК, Жетісу телеарналарына ақысыз негізде беріліп отыр»,- деді министр.