Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

«Туризм үшін онлайн вебинарлар» жобасы іске қосылды - министр

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

«Туризм үшін онлайн вебинарлар» жобасы іске қосылды - министр

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы қазақстандық туристік қауымдастықпен, туризм басқармаларымен бірлесіп tourismonline.kz арнайы сайтында «Туризм үшін онлайн вебинарлар» жобасын іске қосты. Бүгінгі күні шамамен 20 өзекті тақырып талқыланды және 25 мың көрермен тамашалайды»,- деді министр.

Министрдің мәліметінше, бұл платформада мәдени туристік пакеттер әзірленуде, онда онлайн режимде елдің мәдени көрікті жерлерімен танысуға болады. Онлайн алаңда «Алматы облысындағы тау туризмі», «Турагенттерге арналған заң кеңесі», «Туризм үшін кредит беру бағдарламалары», «KIDS GO FREE - іске асыру тетігі» сынды тақырыптар талқылануда.

«Орталық-Азиялық әріптестермен бірлесіп, туризм саласында дағдарыстан шығу шаралары бойынша онлайн кеңес ұйымдастырылды», - деді министр А. Райымқұлова.