«Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 17 наурызда Қазақстан киберспорт Федерациясы мен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанда алғаш рет Alaman#StayHome аймақтық турнирін өткізу туралы хабарлады. Қашықтан өткен алғашқы киберспорттық турнирге гаджеттер арқылы сайысқа түскісі келетін қазақстандықтардан 5000-ға жуық өтініш түсті. Бұл сайыс 31 мамырға дейін жалғасады», - деді А. Райымқұлова.
Сондай-ақ министрлік үстел ойындары бойынша онлайн-турнирлер ұйымдастырады.
«Қазақстандық шахмат федерациясы Қазақстан киберспорт федерациясымен бірлесе отырып, chess.com сайтында «Uide Bol Cup 2020» найзағайлы шахмат (блиц) бойынша алғашқы онлайн-турнир ұйымдастырды. Жарысқа 1 230 әуесқой шахматшы қатысты. Осындай жұмыстар өңірлерде де жүргізілуде. Мысалы, Ақтөбе облысында тоғызқұмалақтан облыстық онлайн турнир, Маңғыстау облысында алғаш рет онлайн-шахматтан облыс чемпионаты өтті»,- деді министр А. Райымқұлова.