Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған бейне-экскурсиялар болады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ерекше жобалардың біріне тоқталды.

Есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған бейне-экскурсиялар болады

«Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер галереясы әзірлеген есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған арнайы бейне-экскурсиялар ұйымдастырылуда. Бұл шара еліміздегі 18 мыңнан астам есту қабілеті бұзылған адам үшін керемет мүмкіндік тудырды десек те болады. Сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана да тек карантин кезінің өзінде 25-тен астам шығарманы әлеуметтік желілерге орналастырды, Брайль шрифті бойынша 130-дан астам кітап, аудиокітап, соның ішінде Ұлы Абайдың шығармаларын таратты»,- деді А. Райымқұлова.

Сонымен қатар, балалар үшін ұйымдастырылып жатқан онлайн байқаулар туралы айтты.

«Балалар үшін «Өнерлі өрен» республикалық онлайн конкурсы ұйымдастырылып, қатысуға 500-ге жуық өтініш түсті. Бұл ретте классиктердің, соның ішінде Ұлы Абайдың ең үздік шығармалары өте танымал екенін айта кету керек. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде жалғасып жатқан конкурсты бір уақытта 28 мың көрермен тамашалайды. Балалардың шеберлігін кәсіби әртістер, ақындар бағалайды»,- деді министр.