Қоғам • 24 Сәуір, 2020

SOS балалар ауылдары жұмысын онлайн жалғастыруда

317 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшінші жыл қатарынан «Қазақстанның SOS балалар ауылдарындағы» Балалар мен отбасыларды қолдау орталықтарынан көмек алуда. Бұл жоба тұрмысы қиын отбасыларға көмек көрсету мақсатында құрылған болатын.

SOS балалар ауылдары жұмысын онлайн жалғастыруда

Жобаны «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» корпоративтік қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік даму қоры бірлесіп 2017 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жұмыс балалармен де, ата-аналармен де жүргізіледі, оларға психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік көмек, сонымен қатар жұмыс және тұрғын үй табуға көмек көрсетіледі. Қызметкерлер  бала асырап алушы отбасыларымен де тығыз байланыста болып, асырап алушы мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюға, баланың жаңа отбасына бейімделуіне көмектеседі.

«Жоба үлкен мәнге ие, өйткені оның міндеті – құқықтық, әлеуметтік, психологиялық ресурстарды пайдалана отырып, отбасын сақтау, оларға жан-жақты көмектесу. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың биологиялық туыстарымен қайта қауышуына да мүмкіндік жасалады. Мысалы, былтыр 51 балаға осындай көмек көрсетіліп, олардың 19-ы өз отбасына оралды»,  дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының жоба менеджері Әсет Қылышбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның «SOS балалар қалашығының» Балалар мен отбасыларға қолдау көрсету орталықтарында асырап алушы ата-аналарды оқытады, 2019 жылы асырап алушы ата-аналар мектебінің курсын 92 адам табысты аяқтады. Кейбіреулері өз арманын іске асырды: балалар ауылынан  22 бала қамқорлыққа алынды. Жалпы алғанда, өткен жылы үш қалада орналасқан орталық 183 отбасына қызмет көрсетті. 884 психологиялық кеңес өткізілді, 570-тен астам адам психологтар мен заңгерлердің қызметтерін алды, 209 бала логопедтердің, дефектологтардың қажетті түзету көмегімен, сондай-ақ педагогикалық диагностикамен қамтылды.

Бүгінгі күні карантинге байланысты ересектер мен балалар Орталықтарға қалыпты түрде бара алмайды. Алайда қол жеткізілген прогресті жоғалтпау және отбасыларды қамқорсыз қалдырмау үшін Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларындағы Балалар мен отбасыларды қолдау орталықтары онлайн желіге қосылды.

Орталық қызметкерлері – психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер телефон арқылы, жедел хабар алмасу немесе бейне-конференция арқылы кеңес береді. Қызметтер тізімі өте алуан түрлі: психологиялық тренингтер және отбасылық кеңес беру, логопедпен балаларға арналған түзету сабақтары, заңгерлік кеңестер, соның ішінде қазіргі уақытта жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға қатысты көмек.

«Біз психологпен WhatsApp мессенджері арқылы жұмыс істейміз, бұл өте ыңғайлы. Қашықтан жұмыс істеудің бетпе-бет кездесулермен айырмашылығы жоқ. Есесіне нәтижелі болып, уақыт үнемделеді. Бізге қамқорлық көрсеткені үшін Орталыққа үлкен алғысымды айтамын», дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы бенефициар.

«Біз жұмыс істейтін отбасылар қиын жағдайда. Карантин енгізілгеннен кейін олар жұмыс, қаржылық мәселелерге және қосымша шектеулерге байланысты қинала бастады. Олар орталық мамандарынан алыстан көмек алуы үшін біз барлық жағдайды жасауға тырыстық. Сонымен қатар, мұндай уақытта азық-түлік сатып алу, коммуналдық төлемдер және т.б. сияқты қажеттіліктер пайда болады. Біз осындай қолдауға қаражат қоймаймыз, сондықтан бізді қуана қолдаған «Samruk-Kazyna Trust» Қорына және басқа да серіктестерден көмек сұрадық», дейді Қазақстанның «SOS Балалар қалашығы» қорының бағдарламалық директоры Мария Чернова.

Серіктестердің қолдауымен жобадағы 80 отбасыға қажетті заттар мен гигиеналық құралдар кіретін азық-түлік пакеттері берілген.

Соңғы жаңалықтар