Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Алашты ұлықтаған Ақсай

1211 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында Ақсай атты өндірісті қала бар. Қазыналы Қарашығанақ орналасқан Бөрлі ауданының орталығы. Соңғы жылдары Ақсай қаласының қазақы бет-бейнесі қалыптасып, ерекше көркейіп келеді.

Алашты ұлықтаған Ақсай

Кеңес кезінде қалыптас­қан қағида – қалалық болған кез келген адам ұлтына қара­­мастан тілі орыс, ділі кеңес­тік топқа айналуы тиіс еді. Әсі­­ресе қазақылықтың иісі қа­ла­­ларға жоламағаны рас. Батыс Қазақстан облы­сын­да­ғы жағдай осындай болатын.

Тәуелсіздік қазақ қала­ла­рын жаңаша түлетті. Көп қа­­бат­ты үйлердің қабыр­ға­сы­­нан қазақы оюды көр­генде, мекеме-ұйым­дар­дың, дүкен-дәм­ханалардың маң­дай­ша­лары­­нан ұлттық атаулар­ды көр­ген­де көз қуанады. Осын­дай оң өзгеріс біз сөз етіп отыр­­­ған Ақсай қаласында да бар.

Өткен жылдың соңын­да Бөрлі аудандық ономас­ти­калық комиссиясының қорытындысымен Ақсай қаласындағы 25 көшенің атауы өзгертілді. Атап айт­сақ, бұрынғы Советская көшесі – Әл-Фараби, Утвин­ская – Мұхтар Әуезов, Первомай­ская – Жұ­бан Молдағалиев, Комсомоль­ская – Талғат Би­гелдинов, Октябрьская – Хиуаз Дос­панова, Линейная – Жібек жолы, Пролетарская – Желтоқсан, Вахтовая – Бек­зат Саттарханов, Завод­ская көшесі – Жа­йық, Бе­зым­янный переулок – Өркен, Овражная көшесі – Береке, Рабочая – Зерде, Кооперативная – Қ.Шәкенов, Садовая – И.Ващук, Тупиковая – Көк­жиек, Школьный переулок – Балдырған, Чингирлауская – Шыңғырлау, 8 марта – 8 нау­­рыз, Западная көшесі – Батыс, Восточная – Шығыс, Цент­ральная – Орталық, Моло­дежная – Жастар, Северная – Солтүстік, Трудовая көшесі – Еңбекші, Южная – Оңтүстік көше атанды.

1

Әрине бұл көшелердің кеңестік атауын өзгерту мәсе­лесі тұрғындар жиналы­сында, қоғамдық кеңес оты­рысында қаралды. Көп­шілік қолдап, ара-тұра қарсылық та кездесті. Соңғы­ларының уәжі: «Көше атауларын өзгертуге қатысты шығындарды кім өтейді, бюджет қаражаты жұм­сала ма?» деген мәселе еді.

2020 жылдың басында өткен қоғамдық кеңес отырысында Бөрлі аудандық қоғам­дық кеңестің мүшесі, кә­сіпкер Бақытжан Ғадел­шиев көше атауларын өзгер­туге кететін шығынды өз мой­нына алатынын айтты. Сөй­тіп бұл мәселе де шешілді.

Осы карантин күндері кәсіпкер уәдесінде тұрып, өзгертілген көше атаулары жазылған аншлагтарды ілуді бастап кетіпті. Бақытжан Меңдігерейұлы бұған дейін де туған қаласына қамқор­лық көрсетіп жүрген азамат. 2019 жылы ол басшылық ететін «Ақсайснабкон­тракт» мекемесі «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасы аясында Ақсай қаласындағы №5 мектеп ауласында 1,5 га алма бағын отырғызған бола­тын. Дәл осы жоба үшін 5 млн теңге қайырымдылық қар­жы жұмсалған екен.

3

Айтпақшы 2018 жылы Ақсай қаласының Арал­тал шағын ауданында Алаш қозғалысының 100 жыл­­­ды­ғына орай бір шо­ғыр көше пайда болған еді. Ке­­ніш аумағынан көші­ріл­ген Березовка ауылы тұр­ғын­­дарына арнайы салын­ған шағын ауданның су жа­ңа көшелеріне «Алаш Орда», «Айқап», «Ұран», Әли­хан Бөкейхан, Ахмет Бай­тұр­сынұлы, Міржақып Дулат­ұлы, Мұстафа Шоқай, Жаһанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы атаулары берілді. Мұндағы «Айқап» – 1911-1915 жылдары шыққан тұңғыш қазақ жур­налы болса, «Ұран» газеті – 1917-1918 жылдары Бөкей Ор­дасында шығып, Алаш қозғалысын, қазақ автономиясын қолда­ған басылым болатын. Міне, Алаш қайрат­керлерін, ұлттық тарихты қастерлеген Ақсай қаласы тағы да түлеп, кеңестік идеология қалдығынан құты­лып, жаңа­рып жатыр. Қуаныш ұзағынан болсын дейміз!

 

Батыс Қазақстан облысы

3

 3