Бағдарламалар • 30 Сәуір, 2020

Президенттің 2020 жылғы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы туралы хабарландыру

260 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2020 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Президенттің 2020 жылғы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары,  гранттары және Алғысы туралы хабарландыру

Сыйлықтар мен гранттар алуға үміт­кер­­лерді, сондай-ақ Алғыс жариялауға шы­­­ғар­машылық ұжымдарды БАҚ, шы­ғар­­машылық одақтар, қоғамдық бірлес­тік­­тер, мемлекеттік органдар ұсына ала­ды.

Әрбір БАҚ, шығармашылық одақ, қо­ғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміт­кер ғана ұсынуға құқылы. Грант­тар жасы отыз бестен аспаған жас жур­налис­терге беріледі.

Грант иегерін сыйлық алу үшін грант тапсырылғаннан кейін кемінде бес жылдан кейін ұсынуға болады.

Сыйлықтар, гранттар алуға үміт­кер­лердің және Алғыс жариялауға шығар­машылық ұжымдардың өзін-өзі ұсы­нуына жол берілмейді.

Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құралының, шығар­машылық одақтың, қоғамдық бірлес­тіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады:

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама;

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;

- негізгі жарияланымдарының тізімі және олардың көшірмелері, аудио және (немесе) бейнематериалдар немесе сондай материалдардың интернет-сілте­мелерінің тізімі.

Алғыс жариялауға шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мем­ле­кеттік органның ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсынылады.

Конкурсқа мән-маңызы жоғары негізгі жария­ланымдар, аудио және (немесе) бейнематериалдар немесе сондай материалдардың интернет-сілтемелерінің тізімі ұсынылады.

Қарауға 2019 жылғы 1 маусым мен 2020 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Сыйлықтар, гранттар алуға және Алғыс жариялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмай-
ды.

Кітаптар БАҚ саласындағы награ­далар алуға ұсынылған материал ре­тінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады.

Мемлекет басшысының сыйлық­тарын, гранттарын алуға және Алғысын жариялауға ұсынымдарды Қоғамдық комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.С.Әшімбаевтың атына 2020 жылғы 31 мамырға дейін электрондық нұсқада [email protected] поштасына жолдау қажет.

Мемлекеттік органдардың ұсы­ным­дары электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы тек электрондық форматта қабылданады.

Байланыс нөмірлері:

+7 (7172) 74-40-81, 74-40-51.

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің баспасөз қызметі.