Әлем • 30 Сәуір, 2020

Он адамды өрттен құтқарған Әлиге Оңтүстік Корея қызмет ұсынды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда он шақты адамды өрттен құтқарған қазақстандық азаматқа сол елде өрт сөндірушінің қызметі ұсынылды. Дегенмен, Әли бұл ұсынысты қабыл алмады. Қабылдаған жағдайда  ол Қазақстан азаматтығынан бас тартуы тиіс. Бұл туралы Әли 29 сәуірде Канвондо елді мекеніндегі Яньян мэриясында болған марапаттау кезінде мәлімдеді деп хабарлайды «Хабар24».

Он адамды өрттен құтқарған Әлиге Оңтүстік Корея қызмет ұсынды

Корея билігі қазақстандықтың өрттен кейін тиісті ем алуы үшін виза берген. Бұл Әлиге Оңтүстік Кореяда тағы жарты жыл тұруға мүмкіндік береді. Ал осы уақыт аралығында қазақстандықтың Кореяда тұруға рұқсат беру мәселесі қарастырылмақ.

Сонымен қатар, Кореяның ірі компанияларының бірі Әлидің Қазақстандағы отбасын карантин аяқталып, шекара ашылған соң алып келуге уәде берген.

Кейін Әлиге арнайы виза беріліп, «LG Welfare Foundation» қоры өзгелерді құтқарған жандарға берілетін арнайы  «LG Personnel Award» жүлдесін табыстады.

Айта кету керек, Оңтүстік Корея тұрғындары Қазақстан азаматын мемлекеттік марапатқа ұсынған болатын.