Экономика • 30 Сәуір, 2020

Халықаралық ұйымдардың жарнасы қалай төленеді?

657 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

АҚШ-тың ДДҰ қаржыландыруды уақытша шектеу туралы шешімінен кейін әлемдік ақпараттарда халықаралық ұйымдарға мүше болып, жарна төлеп тұру қаншалықты маңызды деп тақырып трендке айнала бастады. Түйінді пікір – халықаралық ұйымдар келелі пікірлерді бірігіп шешетін мінбер деген тоқтамға келген сияқты. Осы ретте, Қазақстан халықаралық ұйымға мүше ретінде қанша қаржы төлейтіні туралы ақпараттарды іздеп ғаламторды бір сүзіп, БҰҰ-на мүше болудың жарнасына тоқталдық.

Халықаралық ұйымдардың жарнасы қалай төленеді?

Себебі БҰҰ Бас Ассамблеясы 2019-2021 жылдарға арналған тұрақты бюджетке мемлекеттік жарналардың жаңа ауқымын жариялады. Жарияланған құжатқа сәйкес Қазақстан халықаралық ұйымның жалпы бюджетінің 0,187% -ын қосады. Мемлекеттер БҰҰ бюджетіне қанша төлейді? Мемлекеттің тұрақты бюджетке қосқан жарнасының мөлшері Ұйымның жалпы шығындарының пайыздық мөлшерлемесі ретінде есептеледі. Жарналардың көлемін БҰҰ Бас Ассамблеясы әр үш жыл сайын анықтайды.

Алдағы үш жылға арналған тұрақты бюджетке мемлекеттік жарналардың жаңа ауқымын БҰҰ Бас ассамблеясы енгізді. Жарияланған құжатқа сәйкес Қазақстан халықаралық ұйымның жалпы бюджетінің 0,187% -ын қосады. Қазақстанның  биылғы жарнасы –   852 мың доллар.  Әр мемлекеттің тұрақты бюджетке қосқан жарнасының мөлшері Ұйымның жалпы шығындарының пайыздық мөлшерлемесі ретінде есептеледі. Жарналардың көлемін БҰҰ Бас Ассамблеясы әр үш жыл сайын анықтайды. Бұл шкала мемлекеттердің төлем қабілеттілігі принципіне негізделген. Осы тәсілмен жалпы ұлттық кірістердің көрсеткіштері ескеріледі. Егер белгілі бір мемлекеттің экономикасы сәтті дамып жатса, онда оның БҰҰ бюджетіне қосатын салымдарының мөлшері артады. Осы өлшемдерге сәйкес АҚШ БҰҰ бюджетінің басты доноры болып қала береді - 22%. Қазақстан оныншы орында. Соңғы онжылдықта алғаш рет Қытай (12,005%) Жапонияны (8,564%) басып озды және БҰҰ-ның тұрақты бюджетіне екінші орындаушы болды.

БҰҰ-ның бюджеттік донорлардың ондығына

  • АҚШ - 22%
  • Қытай - 12.005%
  • Жапония - 8.564%

Германия - 7% аз

  • Франция - 4, 427%
  • Бразилия - 2,9%
  • Канада - 2,734%
  • Ресей - 2, 405%
  • Австралия - 2,210%
  • Қазақстан - 0.187%.

Одан әрі Литва - 0,071%, Украина - 0,057%, Беларусь - 0,049%, Әзірбайжан - 0,049%,  Латвия - 0,047%, Эстония - 0,039%, Түркменстан - 0,033%, Өзбекстан - 0,032%, Грузия - 008%, Армения - 0,007% , Тәжікстан - 0,004% және Қырғызстан – 0,002% болып жалғасып кете береді.  

Егер жарна уақтылы төленбесе, БҰҰ Жарғысының 19-бабына сәйкес, мүше мемлекет Бас Ассамблеяда дауыс беру құқынан айырылады екен. Соңғы он жылдықта мүшелік жарнасын 12,005 пайызға көтерген Қытай Жапонияны (8,56) артқа тастап, БҰҰ-ның ең ірі салық төлеушісіне айналды. Қазақстан 2018 жылғы төлем қабілеті жағынан алғашқы ондықтың қатарынан орын алыпты. Ғаламтордағы ашық мәлімет көздерінде біздің елдің  жүзден астам халықаралық ұйымға мүше екенін, оның 73-іне міндетті мүшелік жарна төлейтінін айтқан еді. 2018 жылдың басында шыққан ақпарат бойынша, Қазақстан 4 халықаралық ұйымға мүше ретінде 12 млрд теңге жарна төлеген. 2019 жылғы мәліметтер бойынша, оларға төлейтін мүшелік жарнамыз 33 млн АҚШ долларынан асады.

Қаржы министрлігі халықаралық қаржы институттарының жұмысына қатысу Қазақстанға тиімді инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін айтады. «Жеке кәсіпкерлікті дамыту және инновация тәрізді пайдалары да бар. 2019 жылы республикалық бюджеттен Азиялық даму қорына 1 миллиард теңге жіберу қарастырылған», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

БҰҰ-ға мүшелік жарнасын үнемі кешіктіріп төлейтін мемлекеттердің қатарында АҚШ тұр. 2019 жылдағы кесте бойынша бұл мемлекет БҰҰ-ға өз міндеттемесін қазан айына дейін төлеп бітуге тиіс екен. Әлемдік ақпарат көздері АҚШ-тың қарызды кешіктіріп төлеуі 1984 жылдан, Рональд Рейганның президенттігі тұсында басталғанын айтады. Ал Билл Клинтон тақта отырған кезеңде АҚШ-тың аталмыш ұйымға қарызы 2 миллиард доллардан асып кеткен. Сарапшылар Қазақстанның сыртқы қарыздарының көп бөлігі уақытында төленбеген мүшелік жарнамалармен де толығып отыратынын айтады. Олар ұйымдарға мүшелік жарнаны қысқарту немесе мүшеліктен шығу мәселелерін қарастыратын кез келді деген ойға басымдық беріп жүр. Дағдарыс кейбір мемлекеттердің халықаралық ұйымдарға мүшелігіне қатысты саясатын қайта қарауға мәжбүрлеп жатыр. 2018 жылдың қазан айында АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-дан шығатынын мәлімдеген. АҚШ ДДҰ қаржыландыратынын тоқтататын айтты.  АҚШ Рональд Рейганның тұсында 1984 жылы ұйымнан шығып кеткен болатын. Бұған қаржылық келіспеушіліктер мен Америка саясатына жиірек айтылып кеткен қарсы пікірлер себеп болыпты. Джордж Буштың кезінде 2002 жылы ЮНЕСКО-ға қайта оралған АҚШ, 2011 жылы Барак Обама басшылығы тұсында тағы да ұйымның көзқарасымен келісе алмайтынын білдірген. 2017 жылғы деректер бойынша АҚШ-тың ЮНЕСКО алдындағы қарызы 550 млн долларға жеткен. Көптеген жылдар бойы СІМ жүйесінде қызметте болған Расул Жұмалы халықаралық  ұйымдарға мүшелігіміз туралы мәселені  Қажеттілік туып қалса, мүшеліктен бас тарту  халықаралық заңдарға қайшы келмейді. БҰҰ, Ислам конференциясы сияқты маңызды ұйымдарға мүшелік жарнаны төлеп тұру бізге қажет. Заман өзгерген сайын сыртқы саяси басымдықтар да өзгеріп отырады. Бұрын қабылданған шешімдерді қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізіп отыру керек», – дейді ол.

Р. Жұмалы осы ретте қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізілуі тиіс ұйымдардың қатарында ОПЕК-ті атады. «Қазақтың мұнайы әлемдік нарыққа ОПЕК-сіз жол табады. Ал мұнай бағасының енді бұрынғыдай болмайтынын бәріміз біліп отырмыз. Мүмкін бізге алдағы уақытта осы ұйымға мүшелік туралы қайта ойлануға тура келетін шығар. Мәселе – жарнасында емес, мәселе басқада, мұнайға қатысты мәселені ОПЕКсіз шеше алатынымыз белгілі» дейді Расул Жұмалы.

1993-1996 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары болған Вячеслав Гиззатов бірінші кезекте мүшелік жарна емес, қандай ұйымға мүшелігіміз маңызды екенін айтады. Мысалы БҰҰ, ДДҰ, ЕҚЫҰ,  ИКҰ- ға  мүшелігіміз қажеттілік. Мысалы, Түркі  Кеңесі, Халықаралық Түркі академиясының басшылығында біздің дипломаттарымыз отыр. Ұйымға мүше болу елдің мүддесін халықаралық деңгейде алға жылжыту деген сөз. Ол қалай жүреді, ол басшылықта отырған азаматтарымыздың біліктілігіне байланысты болмақ.   Осы ретте   дипломат 1993 жылдардың татасында қалған оқиғаны еске түсіріп өтті.  «Халықаралық заңда мүшелікке мәжбүрлеп өткізу деген заң жоқ. Біз өзімізге қажет деп тапқан ұйымдарға ғана мүшеміз.  Одан бөлек, Қазақстан, әлемдік саясатқа ықпал ете  алатын елдер санатында емес. Сондықтан біз мүше болып отырған елдерді ревизия жасаудың қажеті жоқ. Халықаралық қауымдастықтардағы Тұрақты өкілдіктеріміз жайлы да осыны айтуға болады» дейді  Вячеслав Гиззатов.

Саясаткерлер халықаралық ұйымдарға мүшелігіміз сыртқы дипломатияның маңызды бір бөлігі  екенін айтады. Жақын көршілеріміздің жағдайы жақсы  қазақтың да көңілі тыныш. Және төтенше жағдайлардан ешбір елді ешкім сақтандырмаған. Халықаралық ұйымдардарға мүшелігіміз бізге сондайда керек. «Бірақ қандай ұйымға мүше болуы керектігін тағы да бір ой елегінен өткізіп алудың зияны жоқ» дейді тәуелсіз саясаттанушылар.