Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда онлайн әскери-патриоттық әндер байқауы өтеді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқауға қатысуға өтінімдер 5 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда онлайн әскери-патриоттық әндер байқауы өтеді

Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 5 және 9 мамыр күндері аралығында «Астана жастары» КММ-нің ресми Instagram парақшасында (@astana_jastary) «Жас Сарбаз» тәбиеленушілерінің арасында онлайн республикалық әскери-патриоттық байқауы өтеді.

Байқауды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастыруда.

Байқауға «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерімен қатар, оқушылар және колледж студенттері қатыса алады. «Үміткерлер 5 мамырға дейін, [email protected] электронды мекен-жайына өз орындауындағы патриоттық әннің видеожазбасын жолдауы керек.

Видеожазбамен қатар, қатысушының аты-жөні, мектеп (колледж) номері, орындаған әннің аты және авторы белгіленуі керек», – делінген хабарламада. Видеожазбаға қойылатын талаптар: орындаушы әнді жанды дауыста айтуы керек, орындаушының артында артық заттар болмауы тиіс.

Байқау жеңімпазы, байқау өтіп жатқан парақшадағы (@astana_jastary) видеожазба астына жиналған пікірлер арқылы анықталады. Қосымша ақпарат пен өзге де қызықтыратын сауалдар үшін +7 707 422 73 96 телефоны арқылы немесе [email protected] электронды мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.