Елорда • 30 Сәуір, 2020

Елордада 1 мамыр күні онлайн өтетін жобалардың тізімі жарияланды

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мәдени бағдарлама белгілі болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада 1 мамыр күні онлайн өтетін жобалардың тізімі жарияланды

Қазақстанда COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген карантин режиміне орай көпшілік іс-шаралар тоқтатылды. Көктемгі мерекелер онлайн режимде және отбасы шеңберінде атап өтіледі. Соған қарамастан бағдарламалар қызыққа толы, ерекше болады деп күтілуде.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында әлеуметтік желілерде  Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін ұлттық музыкалық инструментте орындау және әр этностың ұлттық тағамын әзірлеу бойынша акция басталды.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыка театры «Поэзия» сағатын ұсынады. Онда әртістер көрнекті ақындардың ел бірлігіне арнаған өлеңдерін оқиды – @kazteatr (Facebook).

Қуыршақ театры Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тікелей эфирде сағат 15:00-де «Біз – бір елміз!» атты онлайн концертін, сағат 21:00-де «Халықаралық қуыршақ театрларының Қуыршақтары мерекемен құттықтайды» атты видео концертін ұсынады. Эфирді Instagram парақшасында – @teatrkukolnursultan, сондай-ақ Teatr Kukol Nur-Sultan YouTube арнасынан көруге болады.

Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі желідегі парақшаларында концерт береді. Ол Instagram-дағы astana_filarmoniya парақшасында , Facebook-тегі astana.filarmoniya парақшасында, сондай-ақ YouTube-та «Нұр-Сұлтан филармониясы» арнасында көрсетіледі.

Астана циркінің труппасы, эквилибристтер, әуе гимнасттары, жонглерлер 12:00-де Instagram-да astanalyqtsirk, Facebook-те @circusastana және «Астаналық цирк» YouTube арнасында көрсетілім жасайды.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сағат 17:00-де «Крылатая исповедь воольных сердец» музыкалық-поэтикалық композициясын ұсынады. «Жастар» театры сағат 21:00-де Instagram-да @zhastar_teatry, Facebook-те Zhastar Theatry парақшасында онлайн-концерт береді. Nomad театры Insta_teatr жобасы аясында Shakenzo Show атты төрт сағаттық бағдарламасын ұсынады. Эфир 11:00-13:00 және 18:00-20:00 аралығында Instagram-да @nomad_teatry парақшасында өтеді.