Экономика • 30 Сәуір, 2020

Пандемияның ызғары автокөлік бөлшектері нарығына жетті

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның тәуелсіз автокөлік кәсіподағының басқарма төрағасы Берік Заиров  кеше журналистермен вебинар кездесуде валюта  бағамының құлдырауы және коронавирустық пандемия қазақстандық автокөлік жүргізушілерінің сатып алу қабілетіне теріс әсер ететінін айтты. Импорттық бағаның өсуіне байланысты жалған автокөлік бөлшектерін сату ішкі нарықта одан сайын артады.  

Пандемияның ызғары автокөлік бөлшектері нарығына жетті

«Карантинге байланысты Алматыдағы автокөлік бөлшектері толығымен жабылды, осы саладағы барлық қызметкерлер демалысқа жіберілді. 20 сәуірден бастап тек ірі дүкендерге автокөлік бөлшектері жеткізілетін Нұр-Сұлтанды қоспағанда, бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істеуге тыйым салынды», дейді Б. Зайров.

Осыған дейін валюталық ауытқулар болмаса да, шетелдік автомобильдерге арналған авто бөлшектердің бағасы өте жоғары екені белгілі. Нәтижесінде, қазақстандықтардың Еуропа немесе АҚШ тұрғындарымен салыстырғанда табыс деңгейінің төмендігіне қарамастан, біздің автомобиль иелері үшін автомобиль бөлшектері кем дегенде 50 доллар тұрады. Шын мәнінде, авто бөлшектер барлық  кезде керек. Екінші жағынан, ақшаның жетіспеуінен және түпнұсқа өнімнің қымбат болуынан қазақстандықтар үнемдей бастайды, бұл жалған қосалқы бөлшектерге сұранысты арттырады. Сондықтан елдегі импортты және монополияға қарсы реттеу мәселелерін шешу өте маңызды. Онсыз ішкі нарықтағы контрафактілікке қарсы күрес нәтиже бермейді. Біз нарықты контрафактілік тауарлардан қорғауға тырысамыз. Бірақ, түпнұсқа тауарлар қымбат.  

«Сол себепті автокөлік иелері қытайлық автөлік  бөлшектерін  сатып алуға мәжбүр. Біз бұл әдіспен талғамы жоғары нарықты қалыптастыра алмаймыз», дейді Б. Сайров

Үкімет бизнестің жекелеген түрлерін осы төлемнен босатты. Бұған бөлшек сауда және заңды қызметтер кірді. Алайда, көтерме сауда, бухгалтерлік қызметтер, консалтинг және басқалары қосылмады.

«Бүгін біз оларды осы тізімге енгізуді көздеп отырмыз», деп сөзін түйіндеді Б. Сайров.