Коронавирус • 30 Сәуір, 2020

250 мыңнан астам адам 4 категория бойынша тегін тест тапсырған

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.

250 мыңнан астам адам 4 категория бойынша тегін тест тапсырған

«Біз бүгінге дейін 250 мыңның шамасында 4 категория бойынша тегін тест жасадық. Олар – шет елден келгендер, коронавируспен ауырғандар және олармен байланыста болғандар, карантин кезінде қызметін тоқтатпағандар (медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, коммуналдық қызмет, саудамен айналысатындар және т.б.), қарттар үйі контингенті. Үшінші және төртінші категориядағылардың 90%-ы тесттен өтті. Барлығы тегін (шамамен, 70 мың адам). Бұл оңай шаруа емес, әрі шығынды да қажет ететін шара. Бюджеттің 2,8 млрд теңгесі осы бағытқа жұмсалды», - деді министр.

Сондай-ақ министр елдегі эпидемия әлі тоқтамағанын, дегенмен, экономиканы кезең-кезеңмен қалпына келтіру керек екенін атап өтті.

«Болашақта эпидемия жағдайы тұрақталған соң халықты үш бағыт бойынша тестілеуге көшу мәселесі қолға алынбақ. Яғни, вирус жұқтырғандар және олармен байланыста болғандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында бюджет есебінен тестілеу, әлеуметтік кесте бойынша жұмыс істейтін сақтандырылған азаматтарды – МӘМС есебінен. Медициналық қызметкерлер мен әскерилерді мемлекеттік қаржыландыру есебінен тестілеу мүмкіндігі қаралып жатыр. Ал, қалғандарын ақылы түрде тестілеу», - деді Елжан Біртанов.