Әдебиет • 30 Сәуір, 2020

Қыздар университетінде жаңа ғылыми еңбектің тұсауы кесілді

45 реткөрсетілді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Сапар Оспановтың «Философия влияния» атты оқу монографиялық типі жарық көрді. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Ғылыми еңбек С.Заветный, С.Пазынич, А.Пономарев сынды ресейлік және қазақстандық С.Зейнолла сияқты ғалымдардың авторлығымен шыққан.

– Бүгінгі оқырмандар үшін «оқулық» деген атау дағдылы және түсінікті. Ал қосымша «монографиялық тип» деген сөз таңданыс тудыруы мүмкін. Мұндай анықтауыш сөздерді қолдануымыздың өзіндік себебі бар, – дейді ғалым.

Оның пайымдауынша, «ықпал һәм әсер ету» ұғымы кеңістік, уақыт, қозғалыс, қайшылық деген философиялық категориялар сияқты болмыстың жалпы және іргелі қасиеттерінің бірін көрсетеді. Алайда, осы кезге дейін бұл ұғымның философиялық категория есебіндегі мағынасы талданбаған. Сондықтан да жұмыстың «Философия влияния» деген атауы «ықпал» ұғымын философиялық категория есебіндегі алғашқы зерттеуге жататынын көрсетеді.

– Философиялық категорияларға қандай гносеологиялық, эпистемологиялық және логикалық сипаттар тән болса, «ықпал» ұғымының да сондай жақтары ашылған. Ықпалдың адам сенімі мен ойлау үдерісіндегі орны табиғи құбылыс есебінде талданған. Бұл ықпалдың онтологиялық бастаулары мен олардың жүзеге асуының механизіміне философиялық-әдіснамалық тұрғылардан жақындауға көмектеседі, – деп атап өтті Сапар Оспанов.

Ғалым реалды болмыстың сапалық дамуының ең жоғары деңгейі қоғам және оның субъектісі адам екендігін алға тартады. Сондықтан ықпалдың ең маңызды философиялық функциясы қоғамдық, әлеуметтік және адами үдерістердегі өзара ықпалдастықтарды талдау барысында ашылады. Өзара ықпалдастықтың ерекше көріністері қоғамдағы құқықтық, имандылық, психологиялық қарым-қатынастар арқылы жүзеге асады. Бұл үдерістер оқулықтың жеке тарауларында келтірілген. Сонымен қатар онда ықпалдың әлеуметтік топ өміріндегі маңыздылығы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан жете қарастырылған. Оқулықтың ақырғы тарауында экономиканың қоғам өмірінің тұрақтылығына тигізетін ықпалы көрсетілген. Сондай-ақ оқулық глоссари бөлімімен және тест сұрақтарымен толықтырылған.

69

Бұл ғалымның бірнеше жылдан бергі қажырлы еңбегінің  нәтижесі. Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында  үлкен философия мектебінен дәріс алған  ізденуші әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі бағыттары  бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп келеді.  

– Ол – ұлттық руханиятымыздың қайта жаңғыруына үлкен үлес қосып келе жатқан азамат. Энциклопедиялық-теориялық білімінің молдығы профессор Оспановқа философиямен сабақтас кең тынысты бірнеше пән бойынша кешенді дәрістер бере алатындай мүмкіндік туғызды. Бүгінге дейін оның  220-дан астам ғылыми мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ  профессор шетелдік ғалымдармен де тығыз шығармашылық байланыс орнатқан. Ғылыми зерттеулерінің басым көпшілігі АҚШ, Ресей, Украина, Монғолия, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттердің ғылыми басылымдарында жарық көрген, – дейді Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Бибігүл Иманбекова.

Соңғы жаңалықтар

Пандемия: Стивен стихиясы

Әлем • Бүгін, 07:51

Лу Шүн. Маржан сүзген жазушы

Әдебиет • Бүгін, 07:50

Тұтқын тағдыры

Руханият • Бүгін, 07:34

Жаз шықпай-ақ қурай бастады

Экология • Бүгін, 07:30

Экология бәрімізге ортақ

Экология • Бүгін, 07:27

Ойлап тапқан дүниесіне демеуші жоқ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:25

Мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Экономика • Бүгін, 06:45

Ұмтылғандар ұтады

Бизнес • Бүгін, 06:41

Фермерлердің көңілі әлі де күпті

Экономика • Бүгін, 06:39

Сахара үнінің саңлағы

Өнер • Бүгін, 06:37

Жер көп, жайылым жоқ

Қоғам • Бүгін, 06:35

Бетперде режімін бұзуға болмайды

Коронавирус • Бүгін, 06:32

Ұқсас жаңалықтар