Экономика • 30 Сәуір, 2020

Артық мұнай қайда кетіп жатыр?

465 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл сұрақ қазір бұрынғыдан да өзекті. Сатып алушылардың жетіспеушілігіне және жердегі резервуардың сыйымдылығының азаюына байланысты мұнай қазір танкерлерде сақталады.

Артық мұнай қайда кетіп жатыр?

Сонымен қатар, олар толтырылған кезде, трейдерлер мен мұнай өңдеу зауыттары мұнай шикізатын қайда сақтарын білмей дал болып, құбырларға қайта құюға дайын отыр.

Блумберг хабарлағандай, әлемдегі тәуліктік тұтынудың 20% -ын қамтамасыз етуі үшін шикі мұнайды тиеп жатқан цистерналар Калифорния жағалауында жиналып қалған, ары қарай жол жоқ. Себебі ол жерге жақын маңайда шикі мұнайды сақтайтын қоймалар салынбаған.

Үндістанда тағы бір ірі мұнай импорттаушысының су қоймаларының  95% мұнайға толып түр.  Артық жанармай сақтайтын орын іздеп, жергілікті мұнай өңдеу зауыттары тіпті сорғы станциялары мен қоймаларына дейін қарастырып жатыр.

Осындай жағдай Оңтүстік Кореяда да қалыптасты. Мұнайды ары қарай сақтаудың мүмкіндігі болмағандықтан, Korea National Oil Corp. компаниясы  шетелдік трейдерлерге мұнай сақтау орнынан бас тартуды тоқтатты. Компанияның шамамен 140 млн баррель мұнай сақтау қабілеті бар, оның 30 млн барреліне қоймаларды жалға береді.

Көптеген МӨЗ жабдықтаушылармен жасалған келісімшарттардың арқасында өз қызметін толығымен тоқтата алмайтындықтан, оларға шикі мұнайды да, отынды да сақтайтын қуаттар қажет.

Сингапурда сәуір айының ортасында жанармай қорлары төрт жылдық ең жоғары деңгейге көтерілді. Жергілікті зауыттарда шикізатты өңдеу қарқыны шамамен 60% -ға дейін төмендеді, ал екінші тоқсанда 50% -ға дейін төмендеуі мүмкін.

Қазір Сингапур бұғазында, жердің толық сақталуына байланысты 60-қа жуық мұнай құятын цистерналардан мұнайды түсіру мүмкін емес.

Кейбір кемелер теңізде жанармай сақтауға пайдаланылады, жағаға цистерналар толып жатқанда, ал басқалары тұрақта, олар мұнайды қабылдауға дайын  ұсынысты кез келген мемлекеттен күтіп отыр.

Сарапшылар мұнай сақтайтын қоймасы бар  кемелерді жалға беру құны 15 жылдық ең жоғары деңгейге көтерілді.

Жүк жіберушілер баяу булану деп аталатын стратегияны қолдана бастады, олар транзиттік уақытын көбейту үшін, танкерлердің жылдамдығын әдейі бәсеңдетуге мәжбүр болып отыр. Бұл кеменің отынын үнемдеуге көмектеседі екен.  

Сонымен бірге, Investing.com сарапшылары нарықтағы шамадан тыс мұнай қоры бағаның одан әрі құлдырауын ескерте бастады.