Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Уран өндіру көлемі қысқаруы мүмкін

135 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ коронавирустық пандемияның компания қызметіне әсер етуіне байланысты жаңартылған ақпаратты хабарлады.

Уран өндіру көлемі қысқаруы мүмкін

«COVID-19 әсері бүкіл әлемде сезілуде, осы орайда Қазақстан вирустың таралуының алдын алу үшін күрделі шаралар жасауда», - деді «Қазатомөнеркәсіптің" басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. «Азаматтардың қозғалысын шектеу мен қатаң санитарлық-гигиеналық директиваларды қоса алғанда, Қазақстан Үкіметі енгізген шаралар қазірдің өзінде Қазатомөнеркәсіптің жұмыс істейтін барлық өңірлерін қамтып отыр және біздің барлық кәсіпорындарымыз бен нысандарымызда қатаң сақталуда. Біз осы жаһандық пандемиямен күресуге тартылған, әсіресе медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау мен билік органдарының өкілдеріне алғыс білдіреміз», - компания басшысы.

«Қазатомөнеркәсіп» үшін ең бастысы қызметкерлер мен олардың отбасыларының, сонымен қатар серіктестер жəне жергілікті халықтың амандығы. Енгізілген шектеу шараларын сақтау және жергілікті жерлерде жұқтыру мен таралу қаупін төмендету мақсатында, біздің барлық еншілес және тәуелді кәсіпорындарда қызметкерлердің саны мүмкіндігінше азайту көзделген. Барлық қосалқы қызметкерлер үйлеріне қайтарылады және олардың жалақысы сақталады. Ал тікелей өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер әлеуметтік қашықтық пен гигиенаны қатаң сақтау жағдайында қызметтерін жалғастырады. Қазір біз Қазақстанның барлық уран кеніштерінде осы шешімнің толық әсерін және егжей-тегжейлі іске асырылуын бағалауға қатысты бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерімізбен жұмыс жүргізудеміз және осындай қиын кезеңде олардың қолдауын жоғары бағалаймыз», - деді Ғ.Пірматов.

Бұл шешім үш айға жалғасады деп күтілуде. Əйтсе де осының нәтижесінде кен орындарын игеру төмендеп, бұл уран өндірісінің қысқаруына әкеледі. Осыған сəйкес, 2020 жылы Қазақстандағы уран өндірісінің көлемі 4 000 тоннаға дейiн қысқартылады (бұрын 100% негізінде 22 750 - 22 800 тонна). Алайда оның өндіріске нақты әсерi осы бағалаудан өзгеше болуы мүмкін.  

Өндіріс деңгейінің төмендеуі «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылға арналған сату көлемі бойынша міндеттемелеріне қатты әсерін тигізбейді деп болжануда. Бұл компанияның атом өнеркәсібіндегі сенімді жеткізуші екендігін растайды.

Жаңартылған макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау және АҚШ долларына теңге бағамын тұрақтандыру аяқталғаннан кейін «Қазатомөнеркəсіп» биылғы 1-ші тоқсандағы қызметтік операция нәтижелерін шығару шеңберінде «Ақшалай өзіндік құны (С1)» және «Ақшалай өзіндік құны + күрделі шығындар (AISC)» көрсеткіштері бойынша 2020 жылға арналған жаңартылған күтімдерді 4 мамырда ұсынуды жоспарлап отыр.