Қоғам • 01 Мамыр, 2020

Төрт мыңнан астам көлікті онлайн тіркеді

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда төтенше жағдай жа­рияланғалы бері egov.kz порталы ар­қылы онлайн түрде 4 306 автомобиль тіркелді.

Төрт мыңнан астам көлікті онлайн тіркеді

Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақ­стандағы халыққа қызмет көрсету ор­талықтары мен автоХҚО жұмысы тоқта­тылған болатын. Ел тұрғындары мем­лекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады.

«Біз мамандандырылған ХҚО-лар жа­былғаннан кейін азаматтар арасында портал арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі сұранысқа ие болмайды деп болжадық. Себебі әлі де азамат­тар­дың көпшілігі көлікті автоХҚО-да тір­кеуді жөн көреді. Бірақ статистика көр­сеткендей, қазақстандықтар тө­тенше жағ­дай кезінде де көлік сатып алып, оны өздігінен қайта тіркеуге қоя алады», деді «Аза­маттарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясының бас­қарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн режімінде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып,

egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұ­раныс жіберуі керек. Егер бар болса, электронды үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін мемлекеттік нөмір және техпаспорт үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электронды цифрлы қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен тех­никалық төлқұжатты алып кету үшін барады.