Қазақстан • 01 Мамыр, 2020

Асқар Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин отандастарымызды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Асқар Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

«Құрметті отандастар, баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке біздің ең асыл құндылығымыз – береке-бірлігіміздің символы. Көпұлтты қоғамның ынтымағының арқасында Қазақстан өзінің ықылым заманғы тарихында талай қиыншылықты еңсеріп, кемел келешегіне нық қадам басып келеді.

Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтіп, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының даму жолын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Қазақстандықтарға, әрбір отбасына зор денсаулық, өзара сыйластық, бейбіт өмір мен игілік тілеймін!»,-деді ол.