
«Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекеттілігіміздің беріктігінің тірегі - достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі. Біздің тағдырымыз да, жеріміз де бір, біздің ортақ Отанымыз - Қазақстан. Халқымыздың барлық арман-тілектері бір.
Қазақстан ұлттардың, тілдердің, діндердің көптігімен қуатты. Қазақстандықтардың бірлігі мен отансүйгіштігі - кез-келген ауыртпалықтан алып шығады, індетті де жеңеді. Еліміздегі әрбір шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік тілеймін!», - деді Дариға Назарбаева.