Руханият • 04 Мамыр, 2020

Мұғалім мен әртіс жүр «такси» болып...

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жымпитылық Рама­зан Каримов пен Мей­рамбек Кеңесов Рама­зан айының құрметіне орай ауылдастарына тегін такси қызметін көрсетіп жүр. Олар күн сайын 15:00-ден 00:00-ге дейін ауыл ішінде жолаушы тасымалдайды.

Мұғалім мен әртіс жүр «такси» болып...

Тегін такси болу да – оңай шаруа емес. Біріншіден – ас­тыңдағы көлігіңді «жұ­мысқа саласың». Көлік сумен жүрмейді, бензин құю керек. Ол – екі. Тегін дегенді пайдаланып қалғысы ке­ліп, бей-берекет хабарласа беретін, разы болудың орнына бұлданатын, құрмет қылудың орнына міндет қы­латын адамдар тағы бар. Оларға сабыр ету керек. Ол – үш. 9 са­ғатқа жуық уақытың кетеді. Оны төрт деп қойыңыз.

Рамазан да, Мейрамбек те бай­лығын қайда қоярын білме­гесін, тегін қызмет жасап жүр­ген жоқ. Ниеттері – ел­дің бата­сын алу, қасиетті айға құр­мет, сол арқылы Алланың разы­лы­ғына бөлену. Әйт­песе біреуі – қарапайым мұғалім, бірі – аудандағы театр­дың әртісі.

– Сауапты істеріңізді жа­зайық! – дегенімізде екеуі де ат-тондарын ала қашты. Бірақ ел жастардың жақсылығын білсін, үлгі алсын деген оймен жариялап, жаздық. Атта­рын атамауға да болар еді, бірақ Мей­рамбек пен Ра­мазанның Оразадағы жақсылығын жарты Жымпиты біледі екен.

Егер жігіттерге разы болып, істеріне жәрдем берем десе­ңіздер, күндік жанар­май­ла­рын құйып беруге болады. Се­бебі, олар оразаның аяғына дейін қызмет қылмақ.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

 

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы