Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

Қазақстанда медициналық бетперде мен антисептик өндірісі екі есеге өсті

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл наурыз айында отандық фармацевтикалық кәсіпорындар тәулігіне 170 мың дана медициналық бетперде шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 340 мың данаға жетті. Ал залалсыздандыру құралдарын өндіру тәулігіне 86 мың литрді құраса, қазіргі уақытта 170 мың литрден асты. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда медициналық бетперде мен антисептик өндірісі екі есеге өсті

Медициналық бетперделер бойынша өндіріс өсімі «Дольче» ЖШС өндірісін кеңейту есебінен болды. Олар қысқа мерзімде екі қосымша станок орнатып, өндіріс қуатын 3 есе, яғни 60 мыңнан 180 мың данаға дейін арттырды.

Залалсыздандыру құралдарға келсек, карантин кезінде кейбір кәсіпорындар өз қызметін осы бағытқа бейімдеп, халыққа аса қажетті өнімді шығара бастады. Осылайша, Қазақстанда этил спиртін өндіруші кәсіпорындар жағдайға байланысты залалсыздандыру құралдар өндіруге көшті: олардың қатарында Қостанай облысындағы қуаттылығы тәулігіне 4 000 л «ALPHA-2050» ЖШС, Ақтөбе облысындағы қуаттылығы тәулігіне 54 000 л «Кентавр» ЖШСбар. Сондай-ақ «АлмаДК» ЖШС және «Милитарм» ЖШС-мен бірлесіп, натрий гипохлориті және этил спирті негізінде антисептикалық және залалсыздандыру заттарын шығара бастады.

Сонымен қатар, өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында өз өнімдерін айналымға шығару үшін бірқатар жаңа кәсіпорындар тіркеу процесінен өтіп жатыр. Мысалы, Алматы қаласында қуаттылығы тәулігіне 5 мың л «ДатаХимПром» ЖШС, Атырау қаласында «SARI SUPPLIERS» ЖШС, «Рауан Налко» ЖШС, Шымкент қаласында тәулігіне 5 мың л шығаратын «Best Pharma» ЖШС, Батыс Қазақстан облысында тәулігіне 600 л. өндіретін «Топан» ЖШС.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша халықтың дезинфекциялық құралдарға деген қажеттілігі толығымен отандық өндірушілер есебінен қамтамасыз етіледі.