Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

«Nur Otan» волонтерлары Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмекпен барады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

«Nur Otan» волонтерлары Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмекпен барады

«Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде.

Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті. Су тасқыны болған жерде тікелей «Jas Otan» волонтерларынан штаб құрылды. Олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады» - деп жазды Бауыржан Байбек.