Түркістан облысы Мақтарал ауданында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бұйрығымен су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде бірқатар шаралар қабылданып жатқаны белгілі.
Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығымен соңғы күндері біраз гуманитарлық көмек жиналды. Бұл бастамаға партияның депутаттық фракция мүшелері – депутаттар, қатардағы партия мүшелері мен барлық көмектескісі келетін азаматтар да үн қатты.
Бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен «BizBirgemiz» акциясының аясында Алматы қаласының әкімдігі және «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы гуманитарлық көмекті оңтүстікке қарай шығарып салды.