Елбасымыздың бастамасымен құрылған «BizBirgemiz» акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен партияның Алматы қалалық филиалы тарапынан Түркістан облысында зардап шеккен азаматтарға 70 тоннадан астам гуманитарлық көмек, соның ішінде киім, төсек орындар, аса қажет азық-түлік, гигиеналық құралдар, ұн сияқты бірінші кезекте керекті заттар жіберілді.
Сонымен қатар Jas Otan еріктілері эвакуациялау пункттері мен азық-түлік, киім, төсек орындары, гигиеналық құралдарын тарату жұмыстарына қатысады.
Карантиндегі Алматы бүгінгі қиындықтарға қарамастан, Nur Otan партиясының бастамасына жедел үн қатып, оңтүстік халқына көмек беруге ұмтылып отыр. Қайырымдық қызмет ашықтықты, айқындықты пен есеп беруді талап ететіндіктен, көмек көрсеткен азаматтар мен мекемелердің тізімі дайындалды, атап айтсақ «Жаңа Алатау» қоры, «Metall Prom», «Казлегпром-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Эйр Астана» Акционерлік қоғамы, кәсіпкер, партия мүшесі Мұхтар Зулеев, қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов және тағы басқалар бар.