Әлем • 10 Мамыр, 2020

Қырғызстан мен Тәжікстан: Бір-біріне наразылық нотасын тапсырды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 мамыр күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды. Осы жағдайға байланысты екі ел наразылық ноталарымен алмасты.

Қырғызстан мен Тәжікстан: Бір-біріне наразылық нотасын тапсырды

Тәжікстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Ализода Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Оған әскери қызметшілер мен Қырғызстан азаматтарын ұңғыастылық граната оқтары бар автоматтардан, соның ішінде топтық миномет қаруларынан мақсатты атылып, салдарынан шекара қызметінің үш әскери қызметшісі және Қырғызстанның бір жергілікті тұрғыны атылған оқтан ауыр жарақат алуына байланысты наразылық нотасын тапсырды.

Сонымен қатар, болған жағдайға байланысты Қырғыз Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жаныш Рүстенбеков Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Тәжікстандық «Ховар» агенттігінің хабарлауынша, Елшіге Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарулы қақтығысқа алып келген Қырғызстан азаматтары мен әскери қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттеріне байланысты наразылық нотасын табыс етті.