Ана мен баланың Covid-19 тест нәтижесі теріс. Бұл елорда тұрғынының үшінші баласы.
«Әйел адам босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті. Нәтижесінде, сәбидің дені сау, COVID-19 талдау нәтижесі теріс. Қазір ана мен бала өздерін жақсы сезінеді» деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
9 мамырдағы деректерге сәйкес елордада короновирусты 1004 адам жұқтырды. 367 науқас індеттен сауықты.