Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Мақтаарал ауданына 408 тонна гуманитарлық көмек келіп түскен

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы азық-түлік қоймасына бүгінге дейін 408  тонна гуманитарлық көмек келіп түскен. Оның 96 тоннасы эвакуациялық бекеттердегі азаматтарға, жекелеген туыстарының үйінде жатқан тұрғындарға үлестіріліп берілді. 

Мақтаарал ауданына 408  тонна гуманитарлық көмек келіп түскен

Тасқын судан зардап шеккендерге көмек ретінде облыстың аудандарынан бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар  облыстарынан  түрлі қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық қорларынан және жекелеген кәсіпкерлерден гуманитарлық көмектер жеткізілді. Оның ішінде азық-түлік, жеке бас гигиенасына арналған заттар және киім-кешектер де бар. «Қазіргі таңда Мақтаарал және Жетісай аудандарында 10 эвакуциялық бекет жұмыс істеп тұр. Мұнда 3700-ден астам адам орналасқан. Қоймаға жиналған тауарлар сұранысқа байланысты сол пункттердегі және туыстарының үйін паналап жатқан азаматтарға жүйеленген тәртіпте таратылуда», дейді Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, төтенше жағдайлар бойынша гуманитарлық көмектерді үйлестіруші Бейсен Тәжібаев.

Гуманитарлық көмектің көптеп келуіне байланысты екінші қойма белгіленіп, азық-түліктер сонда жинақталуда. Қоймаға жауапты, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Төлебаевтың айтуынша, гуманитарлық көмектер алдағы екі-үш айға жетуі тиіс. Пункттерден бөлек, жекелеген туыстарының үйінде жатқан тұрғындар үшін Атакент елді мекенінде екі тарату орындары жұмыс істеуде.

 

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25