Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Карантин маусымға дейін жалғасады

1587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде төтенше жағдай режімі алынғанымен, шектеу шаралары жалғасып жатқаны белгілі.

Карантин маусымға дейін жалғасады

Өңірде басқа аймақтармен салыстырғанда жұқпалы ин­фекцияға шалдыққандар саны біршама аз болғанымен Се­мей қаласындағы жағдай тұрғын­дардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Мәселен, облыста коронавирустың 53 фактісі тіркелсе, соның 43-і – Семейде. Сондықтан өңірде карантин шараларын 1 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. «Шығыс Қазақстан  карантиннен келесі ретпен шығады. 12 мамырдан бастап Семейден өзге барлық қалалар мен аудандарда кезең-кезеңмен жұмыс режіміне көшу басталады. Осы күннен ауданы 500 шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда объектілері, сондай-ақ, сұлулық салондары, гүл дүкендері жұмысқа кіріседі. 18 мамырдан компьютерлік, тұрмыстық техникаларды сату және жөндеу салондары ашылады. Бұл санатта құрылыс материалдарын бөлшек сатумен айналысатын сауда орындары, автосалондар, ломбардтар, кір жуу және химиялық тазалау кәсіпкерлік нысандар кіреді. Бұдан бөлек, ашық алаңдардағы спорт нысандары, қашықтықтан жеткізу және тамақты өзімен бірге алып кету шартымен қоғамдық тамақтану орындары қызметтерін жандандырады. Алдын ала кезекті брондау тәртібі бойынша ХҚКО жұмысы басталады. Саяжай учаскелеріне бару жөнінде көптеген сұрақтар түсті. Сонымен, саяжайға жұп, тақ күндері, сенбі, жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда қатынауға рұқсат берілген. Жағдай жақсарған жағдайда рұқсаттама бойынша қозғалыс режімі тоқтатылады. Жалпы, карантин режімін аяқтау, қалыпты тыныс-тіршілікке оралу маусымның басына болжанып отыр» дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

 

Шығыс Қазақстан облысы