Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Алайда жағаны кеңге салатын уақыт әлі келген жоқ. Індеттің қайта таралу қауіптілігі әлі де жоғары. Сондықтан әзірге карантиндік шараларды сақтай тұруымыз керек. Кейбір елдер карантинді жұмсартамыз деп ауру санын арттырып жатыр. Сондықтан олардың жағдайынан сабақ алуымыз орынды деп білемін.
Жалпы карантин еліміздің медицина саласына ауыр жүк түсірмеу үшін қажет болды. Ал қазір төтенше жағдай режімін тоқтатуға не түрткі болып отыр? Елде шағын және орта бизнес біраз дағдарысқа ұшырағандықтан, оларға көмектесу үшін төтенше жағдайды алып тастау қажеттілігі де туындады. Қатаң карантин кезінде стратегиялық ірі өнеркәсіптер анау айтқандай зиян шеге қоймады. Табысынан қағылған негізінен қызмет көрсету саласындағы шағын кәсіпкерлер болды.
Бүгінгі күні Қазақстанда халықтың басым бөлігі – өзін өзі жұмыспен қамтығандар немесе қызмет көрсету саласында табыс тауып жүргендер. Енді оларға қолдау артады. Оларға қатысты Мемлекет басшысы:
– Экономиканы несиелеуге банктердің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша уақытша пруденциалды шаралар кешенін әзірлеу керек. Микро әрі шағын кәсіпкерлікке жекелей назар аудару керек. Олардың толыққанды стандартты банктік өнімдерді пайдалану мүміндіктері тым шектелген. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнес үшін арнайы шараларды қарастыруды тапсырамын, – деді.
Алдағы уақытта елімізде орта және шағын кәсіптің жағдайы қайта оңалуға Үкімет пен «Атамекен» аталған бағытқа қолдау жасайтынына сенімдіміз. Және бұл бағытты жандандыруда нақты тапсырма беріліп жатыр.
Осының бәрін қорыта келгенде, елдегі төтенше жағдайды тоқтату туралы шешім орынды. Дегенмен қазақстандықтар әлеуметтік сақтық шараларын ұмытпауы тиіс.
Сапарбек ЖОБАЕВ,
экономист