Қоғам • 15 Мамыр, 2020

Елордада бірқатар көшелер 25 мамырға дейін жабылады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бірқатар көшелерде жөндеу жүргізілгендіктен 25 мамырға дейін ішінара жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Елордада бірқатар көшелер 25 мамырға дейін жабылады

Нұр-сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың көше-жол желісін орташа жөндеу шеңберінде Жеңіс даңғылы бойынша Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Бұқарбай батыр көшесі бойынша Жеңіс даңғылынан Ирченко көшесіне дейінгі учаскеде жол жүру бөлігі ішінара жабылады. Бұл жұмыстар 15-25 мамыр аралығында жүргізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.