Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

Шетелдік кеңесшілерді шақыру уақытша тоқтатылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 инфекциясының өршуіне байланысты Қазақстан Үкіметі «Аға сеньорлар» жобасы аясында шетелдік кеңесшілерді тартуды уақытша тоқтатты. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

Шетелдік кеңесшілерді шақыру уақытша тоқтатылды

Бұл орайда отандық салалық сарапшылар шағын және орта бизнеске нақты міндеттерді шешу бойынша кеңес көрсетпек.

Атап айтқанда, қазақстандық мамандар кәсіпорындарды дамытудың нақты проблемаларын диагностикалау және анықтау, нақты мәселелерді алып тастау бойынша практикалық жұмыс және шешімдер шығаруға көмектеседі. Экономиканың басым салаларында қызмет атқаратын жылдық кіріс айналымы 5000 АЕК-тен төмен кәсіпкерлер өз саласына кәсіби маманды тарта алады. Маманның қызметі жұмыс аптасының 10 күнін қамтиды. Кеңесшінің орналасуы мен тәуліктік шығындары кәсіпкердің жеке қаражатынан өтелмек. Көрсетілген қызметтің ақысы және қатынау шығындары республикалық бюджет есебінен алынады.