Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

300-ге жуық энергетик үй жағдайындағы карантинде жатыр

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖ режімі кезінде «Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз энергия кешенінің кәсіпорындарында коронавирустық инфекцияның 11 дерегі тіркелді.  Бүгінде 2 қызметкер аурудан жазылып, 272 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» компаниясы хабарлады.

300-ге жуық энергетик үй жағдайындағы карантинде жатыр

«Бұл жерде «Богатырь Көмір» ЖШС, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ туралы болып отыр.

Бүгінде электр энергетикалық холдинг - «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндіруші, жіберуші және бөліп-таратушы компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізудегі және көмір жөнелту жөніндегі міндеттемелерін толығымен орындауда. Төтенше жағдай режимі кезінде 2020 жылғы наурыз - 11 мамыр аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ электр станциялары өндірген электр энергиясының көлемі 4 984 109 мың кВт сағатты құрап, сол кезеңде 9 462 590 тонна көлемінде көмір сатылды. ГРЭС-1, ГРЭС-2 және АлЭС тұтынушыларға 1 млн Гигакалориядан астам көлемдегі жылумен қамтамасыз етті», - делінген компанияның ресми порталында.

«Самұрық-Энерго» энергетикалық кәсіпорындарда коронавирустың таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларя барынша қолға алынғанын жеткізді. Тұтынушыларды электр қуатымен, жылумен және жылы сумен қамтамасыз мақсатында станциялардың штаттық режимде жұмыс істеуі қарастырылды, деп нақтылады компания өкілдері.