Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

СҚО: Жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу бойынша 171 іс сотқа жіберілді

523 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу бойынша 171 істі сотқа жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО: Жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу бойынша 171 іс сотқа жіберілді

Сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген (жылдам) түрде өткізу – мемлекет пен қылмыстық процесс қатысушыларының уақытын, күш пен қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сотқа дейінгі тергеудің бұл түрі кінәсін мойындау, жиналған дәлелдердің жеткілікті болуы және даулауға келмеуі, сондай-ақ келтірілген шығын сомасымен келіскен жағдайда қолданылады. Сотта күдіктілердің жазасы жеңілдетілуі мүмкін. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі жеңілдетілген тергеу тергеушілермен (анықтаушылармен) байланысты барынша азайтып, тергеуді қылмыс тіркелген күннен он бес күн ішінде аяқтауға мүмкіндік береді.

Мәселен, түнгі кезекшілікте жүрген криминалдық полиция қызметкерлерінің қырағылығы арқасында ізін суытпай ашылған ұрлық бойынша материалдар сотқа екі апта ішінде дайындалды.

Карантин кезінде 29 сәуір күні шамамен сағат 5:30-да Екінші полиция бөліміне 1978 және 1991 жылғы үш қала тұрғыны жеткізілді. Олар мыс кабелінің орамы салынған машинамен жүрген. Үшеуі де электромонтер болып шықты, алайда, оларда түнгі уақытта жұмыс жүргізуге құқық беретін құжаттары болмаған. Хаттама толтырылып жатқан кезде криминалдық полиция қызметкерлері «РТЖ» ААҚ қоймасынан мыс кабельдің жоғалғанын анықтады. Келтірілген шығын сомасы 4 млн теңгеден асады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Әкімшілік сот өтіп, бұзушылардың әрқайсысына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша айыппұл салынды. 

– Қалыпты қылмыстық өндірістің мерзімі екі ай болса, жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеудің шекті мерзімі – 15 күн, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Тергеу басқармасының басшысы Қайрат Қасымбеков. – Бұл қызметкерлердің уақыты мен қауқарын айтарлықтай үнемдейді, сарсаңды болдырмай, бар күш-жігерді күрделі тергеуге салуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыста қылмыстардың шамамен 30% жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеледі, жыл басынан жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу бойынша сотқа 171 іс жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20