Саясат • 20 Мамыр, 2020

Халық пікірін ескеретін тиімді жоба ұсынылды

324 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әрбір азаматқа мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге және қолжетімді цифрлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін «Тыңдау» бірегей жобасын іске қосты.

Халық пікірін ескеретін тиімді жоба ұсынылды

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс еке­нін атап өтті. Бұл ретте, Пре­зидент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблема­лар көбінесе азаматтар мен жер­гілікті жерлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан мемлекеттік аппарат әр сала бойынша бірінші кезекте халықтың пікірін ескеруі тиіс.

«Тыңдау» жобасы ерікті-қолданушылар пікірі аясында құрылған. Жобаға қатысу үшін электронды қызметті алу талап етіледі және барлы­ғын tyndau.kz сайтындағы онлайн-анкетада белгілей отырып, оның әрбір қадамын бағалау қажет. Агенттік тек мемлекеттік қыз­мет­терге ша­ғым жинамайды. Біз­дің не­гізгі мақсатымыз – проб­лема­ларды анықтап, тиімді кері байланыс орнату. Біз жинақ­талған мәсе­лелер базасына талдау жасап және мемле­кеттік ор­ган­дарға қажетсіз қадам­дарды жою, халықтың мем­лекеттік қызметтерді алу про­цестерін жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар беретін боламыз.

Өткен аптада біз «Тыңдау» жобасын іске қосып және пробациялау мақсатында екі қызметті таңдап алдық. Олар – паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша азаматтар­дан ұсыныстар жинау жал­ғасуда.

Бүгін осы жоба аясында ерік­тілердің ішінен алғашқы фо­кус-топ құрылды және ұсы­ныстар жинау жүргізілуде. Мысалы, «Электрондық үкі­мет» порталында жұмыс процестерін жақсарту бо­йынша автоматты түрде теру және тек ЖСН-ны терген кезде азаматтың деректерін (аты-жөні, туған жылы мен жері) тартуға қол жеткізетін жасанды интеллект негізінде арнайы қосымшалар, жүктелетін ска­нер­ленген құжаттар мен фото­суреттерді (3х4) жүйе­ге қа­жетті форматтарға авто­мат­ты түрде келтіру үшін түрлен­діруге арналған кө­мек­ші қо­сымшалар бойынша ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ автомат­тан­ды­рылған қызметтердің жұ­мысқа қабілеттілігін тесті­леу, ЭЦҚ немесе бір рет қол­данылатын пароль көме­гі­мен авторизациялау неме­се қол қою кезінде туындай­тын ақауларды анықтау жүр­гі­зіледі.

Фокус-топтың қаты­сушы­лары ұсыныстарын «Элек­трондық үкімет» порта­лын­дағы, мобильдік нұсқасы мен телеграм-боттағы жұмыстың бейнежазбалары мен жұмыс беттерінің скриндері түрінде енгізіледі.

Алдағы уақытта элек­трон­дық қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары мүдделі органдармен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыларды ха­бардар ете отырып, пысық­талатын болады. Біз жақын уақытта «Тыңдау» халықтың пікірін ескеретін тиімді жоба болады деп үміттенеміз.

 

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы