Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Жүк көліктерін қалаға кіргізбеу үшін...

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Елек өзенін қиып өтетін айналма көпірдің құрылысы жүргізілуде. Аталған гидроинженерлік нысан құрылысының толық аяқталуы республикалық бюджеттен қосымша бөлінетін қаражатқа байланысты болып отыр.

Жүк көліктерін қалаға кіргізбеу үшін...

Ақтөбе облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашевтың мәлімдеуіне қарағанда, қосымша қаржыландыру мәселесі шұғыл шешілсе, құрылыс жұмыстарын алдағы шілде айында аяқтауға толық мүмкіндік бар. Ал егер бұлай болмаса, айналма көпір құрылысы жоспар бойынша келесі жылы аяқталмақ.

Бұл көпірді салудағы басты мақсат – жүк көліктерін қалаға кіргізбеу. Бұған дейін салынған Ақтөбе қаласының солтүстік бөлігі бағытындағы айналма көпір мен Кірпішті көпірдің арқасында сол маңнан келетін транзиттік көліктер қалаға кірмейді.

Ал Елек өзені арқылы өтетін айналма көпір іске қосылған кезде жүк көліктері қалаға кірмей-ақ, Атырау мен Орал қалаларына шығып кете алады. Сондай-ақ алдағы уақытта аталған көпір құрылысын іске қосу арқылы транзиттік көліктің барлық түрін қалаға кіргізбеу жоспары қарастырылған.