Аймақтар • Бүгін, 15:40

Абай ауданында мектеп қазандығында жарылыс болды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 22 қарашасында Үржар ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің жеке қазандығында жарылыс болған. Алдын ала болжам бойынша, апат жылу жүйесіндегі айналым ақауы салдарынан қазандықтағы қысымның көтерілуінен болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай ауданында мектеп қазандығында жарылыс болды

Фото: Ашық дереккөз

Жарылыс салдарынан қазандықтың шатыры 18 шаршы метр алаңда жарты бөлігі опырылып қалған. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 

«1970 жылғы жұмысшы 2-3-дәрежелі күйік алды. Зардап шеккен адам аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды, қазір жағдайы тұрақты», делінген хабарламада.

Апатқа қарамастан 943 оқушы мен 117 мұғалімнің білім беру процесі тоқтатылмаған. Резервтік қазандықтың арқасында мектеп ғимаратына жылу беріліп жатыр.

Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланғаны атап өтілді.