Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып алу басталды

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып алу басталғанын хабарлайды. Сатып алу көлемі – 365 мың тоннаны құрап отыр.   

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып алу басталды

Өнімдердің алғытөлем мөлшеріне тоқталсақ, қосымша құн салығын төлемейтіндер мен төлеушілерді бірге есептегенде бидайға 45-50 мың теңгенің аралығында қарастырылған. Арпа 27-30 мың теңгенің аралығында, күнбағыс 45-50 мың теңгенің аралығында, сондай-ақ қарақұмыққа 27-30 мың теңгенің аралығында белгіленді.

Бұл ретте форвардтық сатып алуға қатысатын АШТӨ (ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер) тізімін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» қалыптастырып, жергілікті атқарушы органдар құратын алқалы орган – Үйлестіру кеңесі бекітетінін айта кеткен орынды.  Міндеттемелердің орындалуын «Азық-түлік келісім шарт корпорациясының» контрагент банктердің тікелей және шартты міндеттемелері бойынша белгіленген лимиттері аясында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің кепілдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Десе де сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалық көрсеткіштері стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. АШТӨ міндеттемелерін орындау мерзімі – осы жылдың 15-ші қарашасына дейін. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін орындалмаған міндеттемелер көлемінің 10% мөлшерінде қарастырылған. Өнімдер EXW «франко-зауыт» (Инкотермс-2020) лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізілуі шарт. Алғытөлем ақшалай қайтарылмайды. Жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері үшін қосымша ақы күз маусымында қалыптасатын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.