Ғылым • 22 Мамыр, 2020

Ғалымдар «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік зертханаларда тағылымдамадан өте алады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым мнистрінің орынбасары Мирас Дәуленов хабарлады. Біз бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданатынын жазғанбыз. Қабылданған жаңа қағидаға сай отандық ғалымдар мен зерттеушілер «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік зертханаларда тағылымдамадан өте алады. 

Ғалымдар «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік зертханаларда тағылымдамадан өте алады

«Тағылымдамаға деген тәсіл өзгерді. Енді тағылымдамадан өту үшін тек жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар жетекші ғылыми орталықтар мен зертханаларға да баруға болады. Ғалымдар үшін шетелдік әріптестермен зерттеулер жүргізуге арналған стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған», деді вице-министр.